2026 • БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен

Волонтерлік — халықаралықынтымақтастық алаңы

6–12 тамыз 2026Ақтау, Қазақстан

Каспий маңы елдерінің волонтерлерін, экологтарын және жас көшбасшыларын біріктіретін халықаралық іс-қимыл апталығы.

CSAW 2026 • АҚТАУ

Халықаралық апталық туралы

«Caspian Sea Action Week» халықаралық іс-қимыл апталығы — Каспий маңы елдерінің күш-жігерін біріктіретін халықаралық ынтымақтастық алаңы. Ол экологиялық жауапкершілікті арттыруға, волонтерлік бастамаларды қолдауға, тәжірибе және үздік тәжірибелер алмасуға, сондай-ақ Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға бағытталған ортақ жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Мақсаты — Каспий маңы мемлекеттері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, волонтерлік қозғалыстың әлеуетін арттыру, Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға бағытталған бірлескен бастамаларды қолдау және қоғамда экологиялық жауапкершілік пен орнықты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Апталық бағдарламасы

Апталықтың негізгі көрсеткіштері

01

Өткізілу мерзімі

02

Каспий маңы мемлекеттері

03

Волонтерлер мен экологтар

04

Ауқымды бағдарлама мен акциялар

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ • CSAW 2026

«Caspian Sea Action Week» халықаралық апталығына тіркелу

Апталыққа қатысу үшін өтінімді толтырыңыз. Тіркеуден өткен соң сізге ресми бейдж бен қатысушы пакеті ұсынылады.

CSAW 2026 · Тіркелу

1
2
3

Қадам 1/3

Жеке мәліметтер мен азаматтық

IT & ECOLOGY TRACK • CSAW 2026

«Caspian Hackathon»І Халықаралық хакатоны

Каспий теңізінің экологиялық, технологиялық және өңірлік мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық IT-хакатон. Стартаптар, IT-мамандар мен экологтарға арналған идеялар алаңы.

Жүлде қоры

Ten million tenge

10 000 000

Үш күн ішінде командалар Каспий экожүйесіне арналған технологиялық шешімдер үшін бәсекеге түседі.

Eco-tech/Caspian/3 days/Aktau/Open call/Teams/Eco-tech/Caspian/3 days/Aktau/Open call/Teams/

СПИКЕРЛЕР • CSAW 2026

Форум спикерлері

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЫЛЫ АЯСЫНДА «CASPIAN SEA ACTION WEEK 2026» КАСПИЙ ТЕҢІЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ

17:00–18:00

«Caspian Sea Action Week 2026» ашылу салтанатына қатысушыларды тіркеу

Қонақтарды қарсы алу; фото-аймаққа естелікке суретке түсу.

18:00–18:05

«Caspian Sea Action Week 2026» апталығының салтанатты ашылуы

Мемлекеттік Әнұран; апталықтың мақсаты мен бағдарламасын таныстыру.

18:05–18:15

Апталықтың ресми бейнеролигін көрсету

Каспий теңізінің экологиялық маңызы.

«Rixos Water World Aktau» қонақ үйі

18:15–18:30

Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбайдың сөзі

18:30–19:00

Каспий маңы өңірлері басшыларының құттықтау сөздері (телемост)

Атырау облысының әкімдігі (келісім бойынша); Әзірбайжан Республикасы Баку қаласының әкімдігі (келісім бойынша); Ресей Федерациясының Астрахань қаласының әкімдігі (келісім бойынша).

19:00–20:00

Мәдени-концерттік бағдарлама

CASPIAN HACKATHON 2026

Хакатонға қатысу үшін өтінім беру

Ережелер

Caspian Hackathon · Команда өтінімі

01 · Команда туралы жалпы ақпарат

02 · Команда мүшелері туралы ақпарат

Caspian coastline and environmental volunteers near Aktau

Shared sea. Shared future.

KEEP CASPIANALIVE

Жағалаудан басталған әрекет бүкіл Каспий өңірінің ортақ қозғалысына айналады.

Mangystau

Теңіз бен шөл тоғысқан өлке

Маңғыстауда Каспийдің ашық көкжиегі мен Бозжыраның ақ шыңдары бір ландшафтта тоғысатын жер.

Маңғыстау облысы туралы ақпарат

Маңғыстау облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір. Әкімшілік орталығы – Ақтау қаласы. Облыс Каспий маңы елдерімен географиялық және экономикалық байланыс орнатуға қолайлы орналасуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар өңір Қазақстанның теңіз қақпасы саналады және халықаралық көлік-логистика бағыттарының маңызды торабы болып табылады.

Маңғыстау – табиғаты қайталанбас, геологиялық мұрасы бай өлке. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ерекше жер бедері, Үстірт жоталары, Бозжыра шатқалы, Торыш шар тастары, Қызылқұп, Жығылған және өзге де табиғи нысандар өңірді әлемдік деңгейдегі геотуризм бағыттарының біріне айналдырып отыр. Сондай-ақ облыс тарихи-мәдени ескерткіштерге, жерасты мешіттеріне, киелі орындарға және Ұлы Жібек жолының мұраларына бай өңір ретінде танымал. Мемлекет туризм инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп, Маңғыстау туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын іске асыруда.

Bozzhyra canyon in Mangystau

Бозжыра

Ақ борлы шыңдарда ежелгі Тетис мұхитының геологиялық тарихы сақталған.

Expedition day · 08 Aug

Caspian Sea coast near Aktau

Каспий жағалауы

Ақтаудың ашық көкжиегі мен бірегей теңіз экожүйесі. Мұнда волонтерлік акциялар мен ортақ әрекет басталады.

Торыш алқабындағы алып тас шарлар Маңғыстаудың геотуризм картасын толықтырады.